Төрт күн бұрын ШҚО-да күшті желдің салдарынан жарықсыз қалған 4760 абоненттің жартысынан астамы әлі қараңғы жерде отыр

АСТАНА. Наурыздың 13-і. ҚазАқпарат - Осыдан төрт күн бұрын Шығыс Қазақстан облысында күшті желдің салдарынан жарықсыз қалған 4760 абоненттің 2 жарым мыңнан астамы әлі электр энергиясыз отыр,

деп хабарлады Төтенше жағдайлар министрлігінен.

Естеріңізге сала кетейік, үстіміздегі наурыз айының 9-ынан 10-ына қараған түні секундына 25-30 метр/секунд жылдамдықпен дауылдатып соққан желдің салдарынан облыс аумағында 4 жарым мыңнан астам абоненттің электр жарығы өшіп қалды. Атап айтар болсақ, олар - Аягөз қаласының - 1900, Шонжы, Сарытерек, Мыңбұлақ және Знаменка ауылдарының - 1120, Глубокое ауданы Винное және Веселовка ауылдарының - 940, Жарма ауданы Михайлов, Жарма, Қаратөбе, Кеңтарлау және Былқылдақ ауылдарының - 800 тұтынушысы.

Ведомстводан хабарлағандай, өткен жұма, наурыздың 12-сіне дейін тек 2026 абоненттің электр желісін қалпына келтіру мүмкін болды. Жұмыстар жалғастырылуда.