Төрт күннен бері Жайықтан келген үлкен суды бөгет жібермей ұстап тұр

АТЫРАУ. KAAZINFORM — Атырау облысында Жайық өзеніндегі су деңгейінің көтерілуіне байланысты кейбір елді мекендерді су басу қаупі әлі де сақталып отыр.

Фото: ТЖМ

ТЖМ мәліметінше, өңірде жалпы ұзындығы 520 км-ден асатын бөгет салынған. 

Қазгидромет гидрологиялық мониторинг деректерінің 11 мамыр сағат 09:00–дегі мәліметі бойынша:

  • Атырау — 533 см, тәулігіне 5 см.
  • Индербор ауданы — 1026 см, тәулігіне 12 см.
  • Махамбет ауданы — 939 см, тәулігіне 15 см.

Айта кетейік, Жайық-Индербор және Жайық-Махамбет гидропостында деңгей сыни межеден асып түсті.

Су тасқыны жағдайы ТЖМ құтқарушыларының бақылауында.