Төрт күннен кейін қазақстандық «Орел и Решка. Казахи» шоуы басталады

АСТАНА. KAZINFORM — 16 ақпаннан бастап Jibek Joly және Silk Way телеарналарында танымал телевизиялық жобаның қазақша нұсқасы «Орел и Решка. Казахи» жарыққа шығады.

Фото: Каzinform

Бағдарламаның 15 шығарылымында кәдімгі тиын кинопродюсер, актриса Құралай Анарбекова мен танымал блогер Ғани Әжікеновтың тағдырын шешеді.

Жүргізушілер Қазақстанның өңірлерін аралап, еліміздің бірегей жерлерінің ерекшеліктері мен сұлулығын көрсетеді, сондай-ақ әлемнің таңғажайып қалаларына жасаған саяхатынан алған әсерін бөліседі.

Құралай Анарбекова және Ғани Әжікеновпен бірге саяхатқа шығыңыз. 

Қайсысы демалысын 100 долларға өткізетінін, ал қайсысы шексіз қаражат жұмсайтынын тамашалаңыз.

«Орел и Решка. Казахи» саяхат шоуының алғашқы көрсетілімін 16 ақпан күні сағат 22:00–де Jibek Joly телеарнасынан көріңіз.

Сондай-ақ, бағдарламаның ағылшын тіліндегі нұсқасын сол күні 18:00–де Silk Way телеарнасынан тамашалай аласыз.