АСТАНА. KAZINFORM - Қытайдың Шанхай қаласындда өтіп жатқан мәнерлеп сырғанаудан төрт құрлық чемпионатынында қысқа бағдарламаның қорытындысы бойынша қазақстандық үш спортшы еркін бағдарлама бөліміне жолдама алды.
Ел құрамасынан әйелдер арасында қысқа бағдарламада өнер көрсеткен София Фарафонова 18-орын алды.
Ал Нұрия Сүлеймен 19-шы орынға жайғасса, Анна Левковец 24-орынға табан тіреді.
Осылайша, қазақстандықтар 24 спортшының қатарына еніп, енді еркін бағдарламада бағын сынайды.
Айта кетсек, 2019 жылы аталған додада ерлер арасында Денис Тен 2015 жылы чемпион атанса, қазақстандық Элизабет Тұрсынбаева жеке сырнағауда күміс жүлде алды.
Дүбірлі дода 1999 жылдан бері тұрақты түрде өткізіліп келеді.
Айта кетсек, наурыз айында Қазақстанда биатлоннан жасөспірімдер арасында қысқы Азия чемпионаты өтеді.
Әділжан Үмбет
1996 жылы Әл-Фараби атындағы Қазақ мемлекеттік ұлттық университетінің журналистика факультетін тәмамдаған. Еңбек жолын 1996 жылы Алматы қалалық «Алматы ақшамы» газетінде бастады. Одан кейін жылдарда Қорқыт ата атындағы Қызылорда мемлекеттік университетінде, «Ақмешіт ақшамы», «Сыр бойы» газеттерінде қызмет атқарып келеді.
2015-2020 жылдарда «Ақмешіт апталығы» газетінің бас редакторы болды.
Негізгі қызметімен қосып 2006-2014 жылдарда республикалық «Жас Қазақ», «Алаш айнасы» газеттерінің Қызылорда облысындағы меншікті тілшісі болып еңбек етті.
2018 жылдан бері «Kazinform» ақпарат агенттігінде Қызылорда облысындағы меншікті тілші.