Төрт құрлық чемпионаты: Қысқа бағдарламадан кейін Тен 11-орынға тұрақтады

АСТАНА. ҚазАқпарат - Қазақстандық мәнерлеп сырғанаушы Денис Тен Қытайда өтіп жатқан Төрт құрлық чемпионатында қысқа бағдарламада өнер көрсетіп, 30 қатысушының арасында 75.30 ұпаймен 11-інші нәтижені көрсетті. Қазақстандық тағы бір спортшымыз - Абзал Рақымғалиев 60,77 ұпаймен 21-інші болды. Бұл туралы «SPORTINFORM» САА хабарлайды.

Қысқа бағдарламада бірінші орынды - жапондық Шома Уно (100.49), екінші орынды - қытайлық Боянь Цзинь (100.17), үшінші орынды Жапонияның тағы бір спортшысы Кейджи Танака (90.68) жеңіп алды.