Төрт облыста жол жабылды
АСТАНА. KAZINFORM – ҚазАвтоЖол ауа райына байланысты бірнеше облыста көлік қозғалысына шектеу қойылғанын хабарлады.
2026 жылғы 9 ақпан сағат 19:00-де ауа райының нашарлауына байланысты келесі республикалық автожолдарда жүк көліктердің қозғалысына шектеу енгізілді:
Ақмола облысы:
- «Астана — Қарағанды — Алматы» автожолының 30 — 92 шақырым аралығы (Жібек Жолы ТӨП — Қарағанды облысының шекарасы);
Қарағанды облысы:
- «Астана — Қарағанды — Алматы» автожолының 92 — 164 шақырым аралығы (Ақмола облысының шекарасы — Теміртау ТӨП);
- «Астана — Қарағанды — Алматы» автожолының 592 — 750 шақырым аралығы (Балқаш қаласы — Жамбыл облысының шекарасы); - «Қарағанды — Аягөз — Тарбағатай — Боғас» автожолының 17 — 60 шақырым аралығы (Қарағанды қаласы — Ботақара кенті);
Жамбыл облысы:
- «Астана — Қарағанды — Алматы» автожолының 750 — 897 шақырым аралығы (Қарағанды облысының шекарасы — Бурылбайтал ауылы);
Жолды 2026 жылғы 10 ақпан сағат 08:00-де ашу жоспарланған.
Шығыс Қазақстан облысы:
2026 жылғы 9 ақпан сағат 20:00-де ауа райының бұзылуына байланысты республикалық маңызы бар «Өскемен — Алтай — Үлкен Нарын — Катонқарағай — Рахман қайнарлары» автожолының 7 — 166 шақырым аралығында (Ушановское ауылы — Алтай қаласы) көліктің барлық түрлері үшін қозғалысқа шектеу қойылады.
Жолды 2026 жылы 10 ақпан сағат 09:00-де ашу жоспарланған.
1403 байланыс орталығына хабарласып, тәулік бойы қосымша ақпарат алуға болады.
Бұған дейін Қарағанды, Ұлытау және Қызылорда облыстарында көлік қозғалысына шектеу қойылғанын жазған едік.