23-25 наурыз аралығындаболатын қатты жауын-шашынға байланысты Түркістан облысының тау етегі аудандарында баурайлы ағын пайда болып, өзендерде су деңгейі көтерілуі мүмкін.
23-25 наурызда қатты жауын-шашыннан соң Қарағанды және Батыс Қазақстан облыстарында қар қарқынды түрде еріп, мұз құбылыстары әлсірейді. Жайылмалы жерлерге су жайылып, өзендерде су деңгейі көтерілуі ықтимал.
25-26 наурызда қатты жауын-шашынға байланысты Ақтөбе облысында да дәл осылай қар қарқынды түрде еріп, мұз құбылыстары әлсірейді. Жазық далаға су жайылып, өзендерде су деңгейі көтеріледі деп күтілуде.