Төрт облыста су тасқынына байланысты көлік қозғалысы шектелді

АСТАНА. ҚазАқпарат -  ШҚО, Қарағанды, Павлодар, ОҚО-ның республикалық маңызы бар жолдарының түрлі учаскелерінде су тасқынына байланысты көлік қозғалысы шектелді, деп хабарлады «Қазавтожол» РМК баспасөз қызметі.

ШҚО-да «Семей-Қайнар» (8-166 шақырым, 27 шақырымды су шайған) тас жолында көліктің барлық түріне қозғалыс шектелді. Айналма жол - «Семей-Қарауыл» жолы арқылы.

Қарағанды облысында  166 750 шақырым жолды су шайды. «Ақшатау-Ақадыр»  (90-167 шақырым) жолында көліктің барлық түріне қозғалыс шектелді. Айналма жол - «Қарағанды-Ақсу-Аюлы-Ақадыр» жолы арқылы.

Павлодар облысында Қалқаман-Баянауыл-Керней-Ульяновский» жолының (58-138 шақырым) Майкиннен Баянауылға дейінгі бөлігінде (101 шақырымды су шайған) көліктің барлық түріне қозғалыс шектелді.

ОҚО-да «Самара-Шымкент» күре жолында  (2217-2235 шақырым, 2229 шақырымды су шайған)  көліктің барлық түріне қозғалыс шектелді.
Айналма жол - Темірлан ауылы арқылы.

Бұл учаскелерде су өткізу құбырлары бар, нығайту жұмыстары жүріп жатыр. Ескерту белгілері, сигналды бағандар  қойылды. Тәулік бойы кезекшілік жұмыс істейді.

Ауа райының нашарлауына байланысты бұдан бұрын Ақмола, Ақтөбе, Қостанай облыстарына енгізілген шектеу алынды. Қазір жол ашық.