Ғ.Байғонысов 1977 жылы туған, прокуратура органында үлкен жұмыс тәжірибесі бар. Ол еңбек жолын 2000 жылы Ақмола көлік прокурорының көмекшісі қызметінен бастады. ҚР Бас прокуратурасының мемлекеттік органдар қызметінің заңдылығын қадағалау департаментінде, Қостанай көлік прокуратурасында, Маңғыстау көлік прокуратурасында қызметтер атқарды. Әділет кеңесшісі сыныптық шені бар.
Сонымен қатар, Бас прокурор бұйрығымен Маңғыстау көлік прокуроры болып Әшенов Мұхитбек Батырбекұлы тағайындалды. Ол 1980 жылы туған, прокуратура органдарында үлкен тәжірибесі бар. Прокуратура саласындағы еңбек жолын 1999 жылы Оңтүстік Қазақстан облысы Отырар ауданы прокурорының көмекшісі қызметінен бастады. Кейіннен Оңтүстік Қазақстан облысы Еңбекші ауданы, Әл Фараби ауданы, Қазығұрт ауданы прокурорының орынбасары, Арыс көлік прокурорының, Жамбыл көлік прокурорының оррынбасары қызметтерін атқарған. Әділет кеңесшісі сыныптық шені бар.
Сонымен қатар, Жамбыл көлік прокуроры болып Майлыбаев Ерхан Асаубайұлы тағайындалды. Е. Майлыбаев 1977 жылы туған, прокуратура органдарында үлкен тәжірибе жинақтаған. Ол еңбек жолын 1998 жылы Тараз қаласы прокурорының көмекшісі қызметінен бастады. Жамбыл облыстық прокуратурасында, Астана қаласы прокурорының прокурорлық басқармасында қызмет етті. Әр жылдары «Астана-Азия» ЖШС заң бөлімінің басшысы қызметін атқарды, Павлодар қалалық сотының судьясы, Атырау облысы Жылыой ауданы сотының төрағасы болды. 2009 жылы ҚР Бас прокуратурасының әлеуметтік-экономикалық салалар бойынша заңдылықты қадағалау департаментінде бөлім бастығы, Ақтау қаласының прокуроры, Шымкент көлік прокуроры қызметтерін атқарды. Әділет кеңесшісі сыныптық шені бар.
Ақтөбе көлік прокуроры болып Ордабаев Абылайбек Асылбекұлы тағайындалды. Ол 1978 жылы туған, прокуратура органында үлкен тәжірибесі бар. Прокуратура саласындағы еңбек жолы 2003 жылы Орал және Ақтөбе көлік прокурорлары көмекшісінің міндетін атқарушы, Ақтөбе көлік прокурорының аға көмекшісі, Қандыағаш көлік прокурорының аға көмекшісі қызметтерін атқарды.
ҚР Бас прокуратурасында жедел-іздестіру қызметі заңдылығын қадағалау департаментінде аға прокурор, бөлім бастығы қызметтерінде болды. Әділет кеңесшісі сыныптық шені бар.
19:13, 18 Сәуір 2016
Төрт облыстың көлік прокурорлары тағайындалды
АСТАНА. ҚазАқпарат - ҚР Бас прокуроры Асхат Дауылбаевтың бұйрығымен еліміздің төрт облысында көлік прокурорлары тағайындалды.ҚР Бас көлік прокуратурасы баспасөз қызметінің хабарлауынша, Шымкент көлік прокуроры болып Байғонысов Ғалым Омарбекұлы тағайындалды.