Сәрсенбі, 30 мамыр күні Атырау облысында Каспий теңізіндегі «Мартыши» кен орнының аумағынан үш балықшының: Р.Сарманов, К.Нұрдәулетов, И.Есенғалиевтің денелері судан шығарылды. Жұмыстарға ҚР ТЖМ Атырау облысы бойынша ТЖД-нің 6 адамы мен ҚР ТЖМ «Казавиаспас» РМК-ның 1 тікұшағы жұмылдырылды.
Төртінші балықшы А.Елеуовті іздеу шараларын ҚР ТЖМ Атырау облыстық ТЖД судан-құтқару қызметі жүргізуде.
Бұған дейін хабарланғандай, аталмыш төрт адам 26 мамыр күні балық аулау кезінде суға батып кетті.