Публикация от Кыдырали Болманов (@kydyrali_bolman) Май 17 2017 в 5:40 PDT
«Алла бере салғанымызды аман-есен үйге алып келдік! Әр бөпеміз дүниеге келген сайын үміт пен "жаны аман қалса екен" деген тілекпенен періште сәбиіңді асыға күтесің. 9 ай көтеріп, әр сәбиді өмір мен өлімнің арасында дүниеге әкелетін әрбір анаға тоқтай қалып басыңды игің келеді! Қарақатымның жанын аман-есен қалдырып, отбасымызды бақытқа бөлеген, жүрегімізді қуанышқа кернеткен Аллаға сансыз мадақ!» - деп жазды Қыдырәлі өзінің Инстаграмдағы парақшасында .Сондай-ақ, төрт ұлдан соң қыз баланы аңсап сүйген әке жан жарына деген ағыл-тегіл сезімін жасыра алмайды. «Әр сәбиді дүниеге әкелген сайын жүзі нұрлана түсетін асыл жарыма шексіз рахмет айта отырып, әр сәбиімді құшақтатқан сайын өзіңе қайтадан "ессіз" ғашық болатынымды "сыпайылап, сыбырлап, қуанышты да салтанатты" түрде жеткізгім келеді. Сүйем сүйгенді. Сүйіп туғанды. Шапан кигенді. Жөргек жуғанды! Сүйем сүйгенді. Шашын түйгенді. Шолпы таққанды. Қамзол кигенді!»
Жұлдызды жұп баласының есімін әзірге елге жарияламауды жөн санапты.
20:53, 17 Мамыр 2017
Төрт ұлдан соң қызды болған Қарақатты жары сән-салтанатпен шығарып алды
АСТАНА. ҚазАқпарат - Төрт ұлдан кейін қызды болған әнші Қарақат Әбілдинаны бүгін Астанадағы "Ана мен бала" орталығынан туған-туыс, дос-жарандары және ұлдары мен жары Қыдырәлі Болманов ақ күймемен шығарып алды. Сондай-ақ, Айгүл Иманбаева, Мәдина Сәдуақасова, Айнұр Тұрсынбаева сынды өнердегі әріптестері әрі құрбылары әншінің қуанышына ортақтасты.