Төрт жұмысшы күкіртсутек газына уланып қалды - Астана

АСТАНА. Қазанның 8-і. ҚазАқпарат - Елордадағы Училищная көшесінде кәріздік люктің ішінде жұмыс істеу кезінде төрт жұмысшы күкіртсутек газына уланып қалды,

 деп  хабарлайды   Төтенше жағдайлар  министрлігінің баспасөз қызметінен.

 Ведомствоның  нақтылауынша,   сәрсенбі күні сағат 18.30-дарда   құрастыру  жұмыстарын   жүргізу кезінде «АБМ»  жауапкершілігі  шектеулі серіктестігінің  төрт жұмысшысы    уланып қалды.  Олардың барлығы  ауруханаға    жеткізілді.