Төртінші шақырылған Парламенттің үшінші сессиясы ашылды

АСТАНА. Қыркүйектің 1-і. ҚазАқпарат /Мұратбек Мақұлбеков/ - Астанада Сенат пен Мәжілістің бірінші бірлескен мәжілісі басталып, онда төртінші шақырылған ҚР Парламентінің үшінші сессиясының ашылғаны жария етілді.

Мәжіліс  Төрағасы Орал Мұхамеджанов,   бірлескен  мәжілістің күнтәртібіне екі  мәселе:  төртінші  шақырылған  Парламенттің  үшінші сессиясының  ашылуы  және     Парламент  депутаттарының ант қабылдауы   туралы   мәселелер    енгізілгенін   мәлім етті.

Парламент палаталарының бірлескен  отырысына Елбасы Нұрсұлтан   Назарбаев, Премьер-Министр Кәрім Мәсімов,   министрліктер  мен ведомстволардың  басшылары  қатысуда.

Сәлден кейін   ҚР Президентінің  сөйлеген сөзі беріледі.