Бұл туралы Сенат төрағасы Қайрат Мәми палатаның жалпы отырысында күнтәртібіндегі мәселелерді қарап болған соң мәлімдеді.
«Қазақстан Республикасы Парламенті және оның депутаттарының мәртебесі туралы» Конституциялық заңға сәйкес, кезекті сайланған Парламенттің өкілеттілігі келесі сайланған Парламенттің бірінші сессиясының жұмысының басталуымен аяқталады.
«Заңға сәйкес, жалпы Парламенттің өкілеттік мерзімі кезекті сайланымдағы Мәжіліс депутаттарының өкілеттік мерзімімен айқындалады. Осыған орай, ертең Қазақстан Республикасы Парламенті бесінші шақырылымының бірінші сессиясы ашылып, жаңа сессия өз жұмысын бастайды. Сол себепті бүгін Сенаттың кезекті отырысын ғана емес, төртінші шақырылымдағы Парламенттің бесінші сессиясының да соңғы отырысын өткіздік, өйткені біз бүкіл Парламенттің жұмысын атқарып келеміз», - деп жиынды қорытындылаған Сенат спикері Қайрат Мәми, аталған жағдайдың тарихи оқиға екендігін атап өтті.
Бұл ретте, Сенат төрағасы төртінші шақырылған Парламенттің қырауар қызмет атқарғанын, ең алдымен дағдарысты оңтайлы еңсеруге заң шығарушы органның сіңірген еңбегі ерекше болғанын атап өтті.