Toshiba корпорациясының басшысы отставкаға кетеді

АСТАНА. ҚазАқпарат - Жапондық Toshiba корпорациясының президенті Хисао Танака қаржыға қатысты жанжалдың жауапкершілігін өзіне алып, отставкаға кетуге ниетті. Бұл туралы Kyodo хабарлады.

Осы аптада тәуелсіз аудиттің алдын ала нәтижелері әзір болды. Оның барысында соңғы жылдардағы компания қызметі тексерілді. Toshiba қызметкерлері компанияның топ-менеджерлерінің қысымымен кіріс туралы жалған есеп беруі мүмкін екендігі атап өтіледі, олар осылайша корпорацияның табысты өсімін көрсетуге тырысқан. Соңғы жылдары фирма басшылығы ай сайынғы жиында кейбір бөлімшелер мен еншілес компанияларға қалай болғанда да корпорация жоспарын орындау керектігін айтып қысым көрсеткен, осы жағдай табыс салығына жаппай жалған есеп енгізуге себеп болуы мүмкін. Тексеру 21 шілдеде аяқталады. Соңғы бес жылда Toshiba-ның табысын асырып көрсетуінің жалпы көлемі 200 млрд. иенді ($1,6 млрд.-қа жуық) құрады.