Toshiba жаңа бас директорын таныстырды

АСТАНА. ҚазАқпарат - Жапонияның Toshiba бірлестігі жаңа бас директордың есімін атады. Бұл қызметке Сатоси Цукунава келді.

Цукунава Масаси Муромакидің орнына келді, ал ол Toshiba компаниясының атқарушы директоры болады.

Өткен жылы болған табыстың өсіруіне байланысты бухгалтерлік жанжал кесірінен атқарушы директор Хисао Танаканың отставкаға кеткен еді.

Сол кезде компанияның табысы 151,8 млрд. иенға (1,2 млрд. доллар) өскені анықталған. Цукунаваның бұл жанжалға қатысы болған жоқ.

Toshiba, сондай-ақ, қайта құрылымдау бағдарламасының аясында 14 мың жұмыс орнын қысқартуға ниетті екенін хабарлады. Қазіргі кезде корпорацияда 200 мыңға жуық адам жұмыс істеп жатыр.

Бұл бағдарламаның аясында Toshiba-ның денсаулық сақтау бөлімшесі таяуда Canon корпорациясына 5,8 млрд долларға сатылды.