Тосканада үйлену тойында қайғылы жағдай болды

Итальяның Тоскана қаласында үйлену тойы қайғылы жағдаймен аяқталды, деп хабарлайды Kazinform агенттігі Euronews арнасына сілтеме жасап.

Фото: Euronews

Қонақтар мен жас жұбайлар той кезінде XV ғасырдың бұрынғы монастырына жиналған.

Би кезінде төбе құлап, салдарынан ондаған адам төрт метр биіктіктен төменгі қабатқа құлаған.

Оқиға салдарынан 35 адам зардап шекті.

Соның ішінде 6 адам ауыр жарақат алды. 

Барлығы да шұғыл түрде ауруханаға жатқызылды.

Құқық қорғау органдары тергеу жүргізіп жатыр.

Қылмыстық іс қозғалған.