Total француз мұнай компаниясының бас директоры Кристоф де Маржери (Christophe de Margerie) Давостағы Дүниежүзілік экономикалық форумда осындай пікір білдірді. Оның сөйлеген сөзін Agence France-Presse агенттігі беріп отыр.
Француз мұнай алыбының топ-менеджері мұнай бағасының барреліне жүз доллар шамасына таялуына қатты алаңдаушылық білдіреді.
2010 жылдың соңында мұнай бағасы барреліне шындығында да 90-95 долларға дейінгі белгіге көтерілді. Бірақ ол әлі барреліне жүз долларға жете қойған жоқ. Сонымен қатар еуропалық мұнай бағасы Америка мұнайына қарағанда анағұрлым қымбат бағаланады.