«Барлық аймақтарда қалалық автобус қызметі, барлық теміржол вокзалдары және барлық жолаушылар мен жүк пойыздарының қозғалысы толығымен қалпына келтірілді.
Республикалық маңызы бар автожолдар бойынша автокөлік құралдары үшін қозғалысқа шектеу жоқ», - деді ведомство басшысы Үкімет отырысында.
Қайырбек Өскенбаевтың айтуына қарағанда, Алматы қаласының әуежайы қызметін қайта бастауға техникалық дайын.
«Еліміздің 20 әуежайының 18-і штаттық режимде жұмыс істейді. Алматы және Талдықорған әуежайларының қызметі тоқтатылды. Бұл ретте, Алматы қаласының әуежайы қызметін қайта бастауға техникалық дайын, құзыретті арнайы органдардың тиісті шешімі қажет», - деді министр.