«Қазақстан Республикасында мемлекеттік тіркеуден өтпеген дәрілік заттар мен медициналық бұйымдарды гуманитарлық көмек ретінде ҚР аумағына әкелудің мынадай жағдайлары айқындалсын:
- Қазақстан Республикасының аумағында халықтың өмірі мен денсаулығына қауіп төндіретін төтенше ахуалдарды болғызбауға немесе олардың салдарын жою;
- төтенше жағдай енгізу кезеңі;
- аса қауіпті инфекциялық және паразиттік аурулардың профилактикасы және оларды емдеу;
- орфандық (сирек кездесетін) ауруларды емдеу үшін», - делінген Денсаулық сақтау министрі Ажар Ғиният қол қойған бұйрықта.
Құжат ресми жарияланғаннан 10 күн өтіп барып, 24 шілдеде күшіне енеді.