Төтенше жағдай кезінде өнеркәсіптік қауіпсіздік саласындағы тексерулер тоқтайды

НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат - ҚР Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрлігінің Индустриялық даму және өнеркәсіптік қауіпсіздік комитеті төтенше жағдай кезінде қауіпті өндірістік объектілерді қадағалау қызметін тоқтату туралы шешім қабылдады, деп хабарлайды ҚазАқпарат.

Алайда бұл шешім өндірістік объектідегі оқыс оқиғаны, апат салдарынан болған жазатайым оқиғаны тергеп-тексеру, сондай-ақ лицензиардың сұратуы бойынша субъектіге (объектіге) барумен профилактикалық бақылау арқылы рұқсат бергенге дейін рұқсаттық бақылауды және ҚР Кәсіпкерлік Кодексінде көзделген негіздер бойынша жоспардан тыс тексерулерге қатысты емес.

Бұл тәртіп төтенше жағдай режимі аяқталғанға дейін сақталады.