Бұл туралы бүгін ҚР Президенті жанындағы Орталық коммуникациялар қызметіндегі брифингте ҚР Төтенше жағдайлар вице-министрі Валерий Петров мәлім етті.
Оның айтуынша, Үкімет жанында ведомствоаралық жұмыс тобы құрылды және ол бірнеше айдан бері ТЖ-дан сақтандыру жайын қарастыруда.
«Бұл тұрғыдағы мәселе күрделі, себебі ТЖ-дан сақтандыру бойынша әлемдік тәжірибені зерделеп, сақтандыру жарнасының көлемі мен қаржыландыру көзін айқындау қажет болды. Бұған ҚР Экономика және бюджеттік жоспарлау министрлігі жауапты. Сонымен қатар «ТЖ орын алған кезде сақтандыру туралы» заң жобасын даярлау аяқталу сатысында»,-деп түйді В. Петров.