Жұқпалы дерттің таралу қаупі қазақстандықтар үшін ғана емес бұл жас отбасы үшін де жауапты міндет әрі үлкен сынақ болды. Отағасы Сәкен Ақмола облыстық ПД учаскелік инспектор ретінде Краснояр ауылындағы ПБ әкімшілік учаскесінде қызмет істейді. Короновирус инфекциясының таралуына байланысты енгізілген төтенше жағдай кезінде жұмыс режимі күшейтілген. Оның учаскесінде 4 мыңға жуық тұрғын бар. Ол күн сайын өзіне тиесілі аумақта тұрғындардың карантиндік шектеу талаптарының орындалуын қамтамасыз ету бағытында алдын алу шарасын жүргізеді.
Алайда, Төтенше жағдайдың енгізілуінің қиындықтары бұл отбасын да айналып өтпеді. Үш және бес жастағы ұлдарын бағып-қағу мәселесі туындады. Осы кезде балаларының қасында болу міндетті отағасы Сәкенге жүктелді. Өйткені, олар Сәкеннің ата-анасымен бірге тұрады. Сәкеннің анасы да медицина қызметкері, Ақмола облыстық көпейінді аурханасының онкология орталығында ауруы асқынған науқастармен жұмыс істейді.
Ал, Ақсәуле «Ұлттық сараптама орталығы» РМК-ның Ақмола облысы бойынша филиалында жоғары санатты вирусолог дәрігер, вирусология зерттеудің әдістерін меңгерген. Төтенше жағдай кезінде оның жауапкершілігі одан сайын арта түсті. Санитарлық дәрігер ретінде алдыңғы шепте, вирусологиялық зертханада коронавирус инфекциясына полимеразды тізбек реакциясы әдісі бойынша тест жасайды.
«Полимеразды тізбек реакциясы әдісі бойынша зерттеу жүргізу үшін боксқа барған кезде біз қауіпсіздік нұсқауын сақтау бойынша нұсқамадан өтеміз. Кейін зертханаға кірген кезде алаңсыз жұмысқа кірісеміз, – дей келе Ақсәуле Қабдылова төтенше жағдай кезіндегі өзінің күнделікті жұмысы туралы айтып берді. – Біз қатаң алгоритм бойынша жұмыс істейміз. Сараптама орталығының мамандары ретінде ашық, жабық тұрған барлық мекемені тексереміз. Вирус жұқтыру ошағына барып, сынама аламыз, оны зертхана боксына тасымалдап, өңдейміз және дезинфекция жүргіземіз».
Отағасы Сәкен Төтенше жағдай кезінде өзіне тиесілі әкімшілік учаскені жоспарлы түрде аралап шығып, халық арасында түсіндіру жұмыстарын жүргізуде. Тұрғындардың бейберекет далаға шықпауын қадағалап, қоғамдық тәртіптің сақталуын қаматамасыз етеді. Алайда, соған қарамастан карантиндік талаптарды бұзатын тұрғындар да болып тұрады. Оларға әкімшілік хаттама толтырылып, айыппұл салынатыны белгілі. Осы ретте, полиция капитаны төтенше жағдай кезінде масаң күйде көлік айдаған жүргізушіні тоқтатқанын айта кеткен жөн.
Сәкеннің әкесі Өміртай Қабдылов екінші дүниежүзілік соғыстан кейінгі жылдары медицина мен милиция жартылай әскери ұйым ретінде саналғанын айтуда. Сол кездегідей бүгінгі күні де денсаулық сақтау қызметіне адамдардың денсаулығын қорғауға, ал құқық қорғау органдарына қоғамдық қауіпсіздікті қаматамасыз ету міндеті жүктеліп отыр.