«2020 жылы төтенше жағдайлар саны 7%-ға азайып, 13 985 адам құтқарылды. Төтенше жағдай бөлімшелері 71 724 рет көмекке шығып, 19 мың адамды қауіпті аймақтан эвакуациялады. Оның ішінде 4089 зардап шегушіге алғашқы медициналық көмек көрсетілді. Өкінішке қарай, төтенше жағдайлар мен дүлей апаттарда адам шығыны да болды. Дегенмен, өлім-жітім көрсеткіші 24%-ға төмендеді. Нақтырақ айтсақ, 431 адам қаза тауып (COVID-19-ды есепке алмағанда), 1 250 адам зардап шекті, материалдық шығын 5 млрд теңгеден асты. Шығын көлемі 47,4% пайыз артқан», - деді министр онлайн кездесуде.
11:14, 21 Мамыр 2021
Төтенше жағдай қызметінің өкілдері бір жылда 14 мың адамды құтқарды
НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат – Төтенше жағдайлар министрі Юрий Ильин ел алдында тікелей байланыс арқылы есеп беріп жатыр, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.