«Ұлттық кеңестің мүшелері жаңа заң жобалары бойынша жұмыс топтарындағы талқылауға қатысуда», делінген Ұлттық қоғамдық сенім кеңестің Telegram -дағы парақшасында.
Атап айтқанда, Мұхтар Тайжан, Ерлан Саиров, Асылбек Қожахметов, Асхат Садырбай, Марат Бәшімов, Мұрат Әбенов Мәжілісте қаралып жатқан бейбіт жиындар туралы жаңа заң жобасы бойынша құрылған жұмыс тобының онлайн талқылауына күнделікті қатысып, ұсыныстарын енгізуде. Соның арқасында, жаңа заң жобасының көптеген нормалары жетілдіріле түсті.