ШҚО Полиция департаменті баспасөз қызметінің мәліметіне сүйенсек, тексеру барысында ешбір заңбұзушылық анықталмаған. Өңір кәсіпкерлері төтенше жағдайға орай енгізілген шектеулерге жауапкершілікпен және түсіністікпен қарауда.
«Қазірде ірі сауда орындары сағат 10:00-ден 18:00-ге дейін, ал азық-түлік сатпайтын нысандар 11.00-ден 17.00-ге дейін жұмыс істеуде. 22.00-ге дейін жабылуы тиіс дәмханалар мен мейрамханалардағы келушілер саны 50 адамнан аспауы керек. Тексеру жұмыстары алдағы уақытта да жалғасын таппақ. Осы талапты сақтамағандар ҚР Әкімшілік құқық бұзушылық туралы кодексінің 476-бабы (төтенше жағдай режимін бұзу) бойынша 10 АЕК мөлшерінде айыппұл төлеп немесе 15 тәулікке қамауға алынады», - деп хабарлады ведомство өкілдері.