«Қауіптіліктің қызыл дабылы»
Жексенбі күні Мексиканың батысындағы кейбір аудандарда әскери операция аясында қақтығыстар күшейді. Операция барысында «Халисконың жаңа буыны» наркокартелінің жетекшісі жойылды. Бұл жағдай өңірдегі қауіпсіздікке қатысты кең ауқымды алаңдаушылық туғызды.
Беделді наркобаронның өлтірілуі Мексиканың бірнеше штатында сағаттар бойы жалғасқан, көліктер өртелген блокбекеттердің қойылуына түрткі болды. CBS News мәліметінше, картельдер бұл тактиканы әскери операцияларды тоқтату үшін жиі қолданады.
АҚШ президенті Дональд Трамп мексикалық есірткі картельдеріне шабуыл жасау жоспарларын жариялады. Осыған байланысты Мексика үкіметі оларға қарсы күрес науқанын күшейтті.
Осыған дейін Мексика әскері Халиско штатында картель жетекшісі Эль-Менчоны өлтіргенін жазған болатынбыз.
Сонымен қатар, ҚР Сыртқы істер министрлігі жаппай тәртіпсіздіктер орын алған Мексикадағы жағдайға байланысты сол елге барған қазақстандықтарға үндеу жасады.