ШҚО Көкпекті ауданында және Қарағанды облысының Абай, Бұқар-Жырау, Шет, Осакаровка аудандарында жергілікті ауқымдағы төтенше жағдай сақталуда, деп хабарлады ҚР ІІМ Төтенше жағдайлар комитеті.
Қазір ШҚО мен Қарағанды облыстарында жолдарды тазалау жұмыстары жүргізіліп жатыр. Оған 217 қар тазарту техникасы тартылды.