Оқу-жаттығу шараларына Алматы қаласының Төтенше жағдайлар департаменті, Өрт сөндіру басқармасы, медицина қызметі, Алматы қаласының құтқару қызметі, ҚР ТЖМ-ға қарасты республикалық жедел-құтқару жасағы, қоғамдық тәртіпті қорғау қызметі және тағы да басқа Алматы қаласының құтқару қызметтері қатысты. Жаттығу жоспары бойынша олар метроның екінші вагонында орын алған өртті залалсыздандырып, адамдарды қауіпсіз жерге шығарды. Полиция қызметкерлері оқиға болған орынды қоршауға алса, жол полициясы жол қозғалысын реттеп, арнайы техникалардың өтуіне жол ашты. Кіреберісте жолаушыларды қарсы алған психологтар мен дәрігерлер қажетті бірінші медициналық көмек көрсетті. Өрт ауыздықталғаннан кейін ауаның қаншалықты залалданғаны анықталды.
Аталмыш шара төтенше жағдай қызметтерінің дайындығын пысықтап, жұмыстың сапасын арттыру үшін арнайы өткізілді.