«1995 жылдан 2022 жылдың қыркүйегіне дейін біздің қызметкерлер 1 млн 545 мыңнан астам төтенше жағдай орны мен өрттерге барып, оларды жою жұмыстарына қатысты. Олардың қызметі, кәсібилігі мен жеделдігінің арқасында 401 мыңнан астам адам құтқарылды. Төтенше жағдай болған түрлі аймақтардан 366 мыңнан астам адам эвакуацияланды, 66 мыңнан астам зардап шеккен адамға медициналық көмек көрсетілді», - деп 27 жылдық жұмыс нәтижесімен бөлісті Ибрагим Күлшімбаев.
Брифинг аясында төтенше жағдайлар бірінші вице-министрі құтқарушылардың жалақысына қатысты да пікір білдірді. Оның айтуынша, қызметкерлердің қазіргі жалақысы жеткіліксіз деңгейде.