Төтенше жағдайлар министрі 5-9-шы сынып оқушыларымен өтетін интерактивті сабаққа қатысады

АСТАНА. Қарашаның 20-сы. ҚазАқпарат - Бүгін, қарашаның 20-сы күні сағат 11.00-де Білім және ғылым министрлігінің интерактивті кабинетінде Төтенше жағдайлар министрі Владимир Божконың қатысуымен республика мектептерінің 5-9-шы сынып оқушыларына арналған интерактивті сабақ өтеді.

«Өрт себебі  -   балалардың  отпен ойнауы» деген тақырыпты арқау еткен  сабақта    Өртке  қарсы   қызмет комитетінің   басқарма өкілдері   баяндама жасайды.  Сондай-ақ       негізгі  тақырыпқа арналған  бейнероликтер көрсетіледі.  Сабаққа қатысушылар мамандарға сауалдар қоя алады,  деп  хабарлады     төтенше жағдайлар ведомствосының баспасөз қызметінен.