Министрліктің баспасөз қызметінен мәлім еткендей, іс-шараны Қазақстан Республикасы Экология және табиғи ресурстар министрлігінің Орман шаруашылығы және жануарлар дүниесі комитеті өткізді. Оның мақсаты – орман өрттерін жою кезінде әртүрлі ведомстволар мен ұйымдар іс-әрекеттерінің координациясы мен байланысын пысықтау.
«Мұндай жұмыстар орман өрттеріне қарсы тиімді әрекет етудің маңызды бөлігі болып табылады. Бұл іс-әрекеттерді үйлестіруге, арнайы жабдықты қолдануға және өртті сөндіру тактикасын жақсартуға көмектеседі.
«Ертіс орманы» сияқты табиғи резерваттар ерекше құнды табиғи объектілер болып табылады. Оларды өрттен қорғау – басты міндет», - делінген мәліметте.