Төтенше жағдайлар министрі халық алдында есеп береді
09:35, 17 Мамыр 2021
НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат - 2021 жылғы 21 мамырда сағат 11.00-де Қазақстан Республикасының Төтенше жағдайлар министрі Юрий Ильиннің халық алдында есеп беру кездесуі өтеді, деп хабарлайлайды ҚазАқпарат.
Министрге қойғыңыз келген сұрақтар мен ұсыныстарды ps@emer.kzэлектрондық мекенжайына жіберуге болады, немесе Call-орталығының 8(7172) 32-32-89, 53-32-79 телефондарына хабарласыңыздар.
Есеп беру кездесуі онлайн режимде ҚР Президентінің жанындағы Орталық коммуникациялар қызметінің Facebook ресми парақшасында және Youtube арнасында тікелей эфирде өткізілетін болады.
Сұрақтар ағымдағы жылғы 21 мамырға дейін қабылданады.