Топ құрамына ТЖ вице-министр генерал-майор Бауыржан Сыздықов, Өртке қарсы қызмет комитетінің төрағасы азаматтық қорғау полковнигі Рамиль Камалов, сондай-ақ ТЖМ құрылымдық бөлімшелерінің бастықтары кіреді.
Ақпараттық-насихаттау тобының жеке құраммен алғашқы кездесуі Астана қаласында өтті. Ақпараттық-насихаттық топ елордалық гарнизонның жеке құрамымен кездесіп, түсіндіру жұмыстарын жүргізді.
Осы кездесу аясында өрт сөндіру және ТЖ-ның салдарын жою кезінде ерекше көзге түскен 5 қызметкер марапатталды. Кездесу барысында азаматтық қорғау органдарында қызмет туралы бейнеролик көрсетіліп, Астана қаласы ТЖД жеке құрамының күшімен концерттік бағдарлама ұйымдастырылды.
Сонымен қатар ақпараттық-насихаттау тобының мүшелері «Астана қаласы мектептерінің ТЖ министрлерімен» кездесті. Басқосуға елорданың мектептерінен 400-ден астам бала қатысты.
Осындай кездесулер ТЖМ-нің басқа аумақтық бөлімшелерінде де жоспарланған және жыл бойы жүзеге асырылады.