«Төтеше жағдайлар министрлігі мен мұнай өндіретін компаниялар арасында қандайда бір шешілмейтін мәселе жоқ. Атап айтқанда, біз кен орнын пайдаланудағы қауіпсіздік ережесін міндетті түрде орындау негізінде өзара келісімге қол жеткізудеміз», - деп атап өтті министр.
Ведомство басшысының сөзіне қарағанда, Төтенше жағдайлар министрлігі өзінің Өнеркәсіптік қауіпсіздік комитеті арқылы кен орнында жүргізілетін жұмыстың барысын қадағалауды іске асырады. «Біз жоспарлы тексерулерді жүзеге асырамыз. Министрлік қазіргі нормативтік және техникалық қауіпсіздік ережелері орындалмаған кезде ескерту жасайды және бұл кемшіліктер уақытылы түзетілуде», - деді В. Божко.