Дәстүрге сәйкес бұл күні олар суайдындағы мұзды ойып, суға түседі. Осыған орай, Төтенше жағдайлар министрлігі бөлімшелерінің қызметкерлері аталған мереке қарсаңында мұздай суда түсудің қауіпсіздік шараларын түсіндіруде. Жергілікті атқару органдары суға түсуге әзірленген орындарды қажетті қауіпсіздік жабдықтарымен қамтамасыз етті.
ТЖМ баспасөз қызметінің мәліметінше, сол күні азаматтардың қауіпсіздігін қамтамасыз ету мақсатында ел өңірлеріндегі Төтенше жағдайлар департаменттерінің суда құтқару қызметтері кезекшілікті атқаратын болады.
Мамандардың ескертуіне қарағанда, мұз бетінде әзірленген орындарда суға 1-2 минуттан арттық түсуге болмайды. Сонымен қатар, адам денесіндегі жылуды сақтау үшін майлы крем жағып, ас қасықпен балық майын ішу керек. Суға түскеннен кейін денені жақсылап құрғатып сүрткеннен соң, киіну қажет. Спирттік ішімдікті пайдаланған адамдарға суға түсуге болмайды. Мұнымен қоса, осы рәсім кезіндегі аязды күні мұздай суға түсу - тек шыныққан адамдарға ғана пайдалы.
Осы тұрғыда, Төтенше жағдайлар министрлігі барлық қауіпсіздік шараларын сақтауды ескертеді.