Төтенше жағдайлар министрлігі төтенше әрекет ету жүйесін жетілдіру тақырыбында интернет-конференция өткізеді

АСТАНА. Қарашаның 17-сі. ҚазАқпарат - Сәрсенбі, қарашаның 18-інде Төтенше жағдайлар министрлігі Үкімет порталында - «www.e.gov.kz» - төтенше әрекет ету жүйесін жетілдіру мәселесіне арналған интернет-конференциясын өткізеді, деп хабарлайды ведомствосының баспасөз қызметінен.

Оқырмандардың сауалдары    сағат 09.00  бен  18.00-дің аралығында қабылданып, ал  жауаптары  сол  күні     сайтқа   жайғастырылады,  деп   нақтылады     баспасөз қызметінен.

Сауалдарға     Төтенше жағдайлар   жөніндегі  министр   Владимир  Божко жауап береді.