Қазақстан Республикасы Президентінің Жарлығын орындау үшін Қазақстан Республикасы Төтенше жағдайлар министрлігі қажетті жұмыс жүргізуде. Бұл туралы ведомство баспасөз қызметі хабарлайды.
Олардың таратқан ақпаратына қарағанда, Орталық аттестаттау комиссиясында кезекті аттестаттаудан Министрлік орталық аппаратының, Өртке қарсы қызмет комитетінің, «Республикалық дағдарыс орталығы» ММ, сондай-ақ Қазақстан Республикасы Төтенше жағдайлар министрінің номенклатурасына жататын ведомстволық бағынысты ұйымдар мен аумақтық органдардың 367 қызметкері өткен.
Орталық аттестаттау комиссиясының құрамына бөлімшелер басшылары, ішкі бақылау және аудит, кадр және заң қызметтерінің өкілдері, сондай-ақ «Төтенше жағдайлар жөніндегі органдар ардагерлерінің кеңесі» қоғамдық бірлестігінің төрағасы кірді.
Орталық аттестаттау комиссиясының жұмысына қатысуға қауымдастық және бұқаралық ақпарат құралдарының өкілдері, атап айтқанда, ҚР Парламент Мәжілісінің депутаты, «Нұр Отан» Халықтық-демократиялық партиясының мүшесі Т. Ыбыраев, «Нұр Отан» ХДП парламентаризм институты Сыбайлас жемқорлыққа қарсы ғылыми-зерттеу орталығының басшысы, Б. Әшитов және «Казахстанская правда» республикалық газеті бас редакторының орынбасары С. Молдыбаев тартылды.