Оның айтуынша, аталған кезеңде төтенше жағдайлар аймағынан 10 мың 173 адам көшіріліп, 59 мың 705 рет оқиға орнына шұғыл жету әрекеттері жасаған. «Осы уақыт аралығында аса қиын апаттық-құтқару жұмыстары қысқы-көктемгі кезеңге тұспа-тұс келіп, оған ауқымды табиғи ауытқулар тән болғанын атап өту қажет. Мәселен, елдің шығыс және оңтүстік-шығыс өңірлеріндегі аса қиын жағдайға нормадан 3 есе артық, жекелеген тұстарда жылдық нормадан 6 есеге көп қарлы бұрқасын болуы ықпал етті. Өңірдегі бұндай жағдай соңғы 50 жылда бірінші рет болып отыр. Тасқын судың күрт көтерілуі салдарынан, тіпті табиғи апатқа ешқашан ұшырамаған елді мекендер де су астында қалды. Осылайша, жазық жерлердегі еріген қардан болған тасқынның ені 2-3 шақырымға дейін жетті», - деді В. Божко
«Министрлік халықты, елдің аумағын төтенше жағдайлардың кері салдарынан тиімді қорғауға және алдын алуға бағытталған құқықтық, ұйымдастыру және іс жүзіндегі шаралар кешенін іске асыруды айтарлықтай жандандырды. Соның арқасында төтенше жағдайлардан зардап шеккендердің жалпы саны 4,8 пайызға, қауіпті өндірісте жарақаттанғандарды 25,7 пайызға, өндірісте қаза болғандарды 28,7 пайызға, өрттен болған материалдық шығынды 9,9 пайызға азайтуға қол жеткізілді», - деді В. Божко.
12:13, 15 Қараша 2010
Төтенше жағдайлар министрлігінің күштері 9 ай ішінде 8 мыңға жуық адамды құтқарды - В. Божко
АСТАНА. 15 қараша. ҚазАқпарат /Қанат Мәметқазыұлы/ -Төтенше жағдайлар министрлігінің күштері осы жылдың 9 айы ішінде 7 мың 954 адамды құтқарды. Бұл туралы бүгін ҚР Парламенті Мәжілісінде еліміздегі азаматтық қорғаныс жүйелерін жетілдіру мәселелеріне арналған Үкімет сағатында ҚР Төтенше жағдайлар министрі Владимир Божко айтты.