Оның сөзіне қарағанда, биылғы жылы Қазақстан аумағында ірі жол-көлік оқиғаларын қоса алғанда 8254 табиғи және техногендік сипаттағы төтенше жағдайлар тіркелді. Былтырғы осы кезеңге қарағанда, оның деңгейі 16 пайызға артық.
Бұл ретте 1829 адам зардап шегіп, бұл көрсеткіш өткен жылмен салыстырғанда 5,2 пайызға жоғарылаған. Төтенше жағдайлардың салдарынан 598 адам ажал құшты.
«Алдын ала берілген деректер бойынша материалдық шығын 2079,6 млн. теңгені құрап, өткен жылдың сәйкес кезеңімен салыстырғанда 69 пайызға азайды»,-деді министр.