Ол 1927 жылы дүниеге келген. Соғыс және тыл ардагері. Онымен қоса, өртке қарсы қызмет саласында ұзақ жылдар қызмет еткен. Жасаған еңбегі өлшеусіз. Бүгінде сол бейнетінің зейнетін көріп отырған жайы бар. Өртке қарсы қызмет саласы басшыларының ықпалымен 2013 жылдың қаңтар айында жергілікті әкімдік Полина Катафариди әжейге көп қабатты тұрғын үйден екі бөлмелі пәтерді сыйға тартты. Қуаныштан көзіне жас алған соғыс ардагері шексіз алғысын білдірген еді сол кезде. Бүгінде мерекені өз үйінде қарсы алып отырған қарт әже ұмытпай құттықтап келген азаматтарға шексіз ризашылығын білдірді.
21:45, 07 Наурыз 2014
Төтеншеліктер соғыс және тыл ардагерін 8 наурыз -Халықаралық әйелдер мерекесімен құттықтады
ҚЫЗЫЛОРДА. ҚазАқпарат - Қызылорда облысы ТЖД «Өрт сөндіру және авариялық құтқару жұмыстары қызметі» мемлекеттік мекемесі кадр жұмысы бөлімінің бастығы, өртке қарсы қызмет майоры Е.Орынбаев пен кәсіби дайындық мектебінің бастығы, өртке қарсы қызмет подполковнигі Ж. Сунақов сала ардагері Полина Катафаридидиді 8 наурыз - Халықаралық әйелдер мерекесімен құттықтап, сый-сияпат жасады.