Бұл қайғылы жағдайдың жалғыз куәгері ерлі-зайыптыға тиесілі Бад есімді-тотықұс-жако болды, деп хабарлайды Sun.
Құсты Мартиннің бұрынғы әйелі Кристина Келлер алған. Тотықұс жаңа қожайынының үйінде адам өлтіру сәтінде есіне сақтап қалған сөздерді ұдайы қайталайтын болған. Әсіресе, Бад екі түрлі дауыспен «Құрып кет!», «Мен қайда барамын?» және «Атпа!» деген сөздерді үнемі айтып жүрген.
Гленна Дарэмның ісі бойынша сот отырысы барысында оның сөздері әйелге қарсы дәлелдердің бірі болды. Әйел бірінші дәрежедегі адам өлтіру бойынша айыпты деп танылды.