Шымкент қаласы әл-Фараби ауданы полиция басқармасының қыметкерлері А.Асқаров атындағы дендросаябақ алдында серуендеп жүрген жастардың жеке басын анықтап, полицияға жеткізді.
Олар өз әрекетін тойдың алдындағы дайындық деп түсіндірген. Жастар арнайы фотосессия жасап, бейнеролик түсірген. Сондай-ақ, тойды карантин режимі аяқталғаннан кейін өткізуді жоспарлаған.
Алайда маскасыз жүріп, карантин режимін бұғаны үшін полиция қызметкерлері ол азаматтармен профилактикалық әңгіме жүргізіп, түсініктеме алды.
Оларға қатысты шара қабылдау үшін жинақталған әкімшілік іс құжаттар санитарлық-эпидемиологиялық қызметіне жолданады.