Toyota Motor Sales USA Inc. өкілдері хабарлағандай, 2007-2008 жылдары шығарылған 214 мың RAV4 көлігі, сонымен қатар, 2008 жылы шығарылған 94 мың «Хайлендер» мен «Хайлендер HV» көліктері қайтарылатын болады. Автокөліктердің барлығы АҚШ-та сатылды.
Toyota өкілдерінің мәлімдеуінше, ауытқулар екі сенсормен байланысты болып тұр. Егер екі сенсор белгілі бір себеппен істен шықса, қауіпсіздік көпшігі өзінен-өзі ашылатын болады.