Көліктерді кері қайтарып алуға соқтығысу кезінде қауіпсіздік жастықтарының ашылуына кедергі келтіруі мүмкін электр сымдар жүйесіндегі ақау себеп болған.
Компанияның мәліметі бойынша мұндай ақаулар Toyota Prius, сондай-ақ 2015 жылдың мамырынан 2016 жылдың наурызына дейін шығарылған жол талғамайтын Lexus RX және NX көліктерінің кейбірінде болуы мүмкін.
Сондай-ақ, Toyota Alphard, Vellfire, Sienta, Noah, Voxy, Esquire, Probox, Succeed, Corolla, Highlander, Levin мен Hilux-тің бірқатар үлгілері кері қайтарылады.