Toyota-ның 2012 жылдың III тоқсанындағы әлем бойынша сатылымдары 18%-ға өскен, бұған АҚШ-тағы седан Camry мен гибрид Prius-қа деген сұраныстың артуы себеп болды.
Өткен тоқсанда Toyota 2,43 млн жеңіл және жүк көліктерін сатқан. Өткен жылдың осындай кезеңінде бүкіл әлемде концерннің 2,06 млн көлігі сатылған еді. Жыл басынан бері Toyota Motor Corp. сатылымы 28%-ға, яғни 7,4 млн автомобильге дейін өскен.
General Motors 2012 жылдың III тоқсанында 2,28 млн автокөлік сатқан екен.