Toyota автомобильдер сапасына деген ұқыпсыздығы үшін өзн-өзі сынға алды

АСТАНА. 24 мамыр. ҚазАқпарат - 2009-2010 жылдары Toyota компаниясының автомобильдерін жаппай қайтарып алуына жапон компаниясының өз өнімдерінің сапасына жеткіліксіз көңіл бөлуі себеп болды.

Бірнеше миллион автокөліктерді қайтарып алу салдарынан кейін 2010 жылы Toyota солтүстік-америкалық кеңсесі жанынан құрылған консультациялық топ осындай тоқтамға келді, деп хабарлайды Bloomberg.

Топ мамандарының пікірі бойынша, Toyota компаниясы шығарылатын көліктердің сапасына жауап беруші кәсіпорынның қызметкер санын көбейтіп, сондай-ақ тұтынушылардың сынына жиірек құлақ асқаны жөн. Одан бөлек, кеңесшілер автоөндірушіге көлік ақауы байқалған жағдайда жылдам әрекет етуге кеңес берді.

"2009 жылдың соңы мен 2010 жылдың басында Toyota компаниясы 12 миллионнан астам автокөліктерінің жаппай қайтарылымын жариялады. Мұндай жедел қызметтік шара қолдануға көліктердің өздігінен жылдамдық алуы себеп болды. Тексеріс барысында АҚШ көлік министрлігі анықтағандай, жапон автоөндірушілері ақаудың бары жайында қайтарып алу шараларына дейін бірнеше ай бұрын біле тұра, американдық билікті бұл жөнінде уақытылы ескертпеген. Нәтижесінде, компанияға автомобиль құрылысы тарихында тұңғыш рет ең ірі айыппұл - 50 млн. доллар салынды", - деп жазады Лента.ру.