Toyota Camry тағы қымбаттауы мүмкін

АСТАНА. ҚазАқпарат - Жақын уақытта ең танымал бизнес седандарының бірі дағдарысқа кезекті рет берілуі мүмкін. Ресейдегі Toyota компаниясы Camry седанына бағаларды қайта көбейткелі отыр - егер бұл көліктердің бағасы расымен де көтерілсе, седанның жалпы қымбаттауы шамамен 30 пайызды құрайды, деп хабарлайды auto.vesti.ru.

Бастапқыда Toyota Camry көлігінің базалық жиынтықталуының жарияланған құны миллион рубльден аспаған: марканың дилерлері жаңартылған седанға тапсырыстарды 998 000 рубльден басталатын бағамен ала бастаған. Алайда көп ұзамай оның бағасы айтарлықтай өсті - қазіргі уақытта, ресми сайтта көрсетілгендей, «Стандарт» жиынтықталуындағы седанның құны 1 212 000 рубльді құрайды.

Бұл көліктің бағасының соңғы шарықтауы емес: дилерлерден алған мәліметтерге сілтеме жасаған «За Рулем» басылымының жазуынша, жақын уақытта «Камри» қайта қымбаттап, бұл ретте бағаның өсуі бірінші кезекте ең қолжетімді жиынтықталуларға тиісті болады. Мысалы, «Стандарт» нұсқасының бағасы 1 295 000 рубльға дейін өссе, «Стандарт Плюс» нұсқасы - 1 286 000-нан 1 350 000 рубльға дейін, ал «Классик» 1 351 000 рубльдан 1 415 000 рубльға дейін қымбаттайды. Toyota-ның дилерлік орталықтары седанға тапсырыстарды жаңа бағалармен алып жатқаны айтылады. Компанияның Ресейдегі ресми өкілдігі түсініктеме беруден бас тартты.