Оқиға Ыстық көл аумағында болған. Қатты жылдамдықпен келген көлік жолдан өтіп бара жатқан шамамен 40-45 жастағы әйелді қағып өтіп, электр бағанына барып соғылған. Сосын жүргізуші көлігін тастап, өзі қашып кеткен. Ал көлік қаққан әйел сол жерде мерт болған.
Жергілікті құқық қорғау органдары қызметкерлерінің айтуына қарағанда, оқиға орнынан ізін суытқан жүргізуші ұстаған. Ол 31 жастағы қырғыз азаматы болып шықты.Тексеру жүріп жатыр.