Жапонияда Lexus LS пен Toyota Auris модельдерін қосқанда 1,05 миллион автокөлік кері қайтарылады. Олардың ақауы бар болғанына қарамастан, ЖКО орын алмаған.
2014 жылдың маусымында жапондық концерн қауіпсіздік жастығына байланысты екі миллион автокөлікті кері қайтаратынын жариялаған болатын, ал сәуір айында 6,76 машина кері қайтарылды.
Toyota көліктерінің рекордты түрде қайтарылуы 2 жыл бұрын орын алған. Ондағы машина саны 7,43 миллионға жетті, деп хабарлады «Интерфакс».